ИСАҒАЛИЕВА АЙНҰР ШАЙЖАНҚЫЗЫНЫҢ БЛОГЫ ( 6- бөлімі )

                                                               Құрметті әріптестер!

     Мен бұл блогымды сіздермен тәжірибе алмасу мақсатында Өзін - өзі тану  пәніне арнаймын.

                 http://uvit2012.ning.com/profiles/blogs/6 

125 - ЖАЗБА        Өзін - өзі тану пәні - рухани тәрбие көзі

        Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

                                           126 - ЖАЗБА

          «Өзін-өзі тану» бағдарламасын білім беру бағдарламасына енгізу  арманым еді - С. Назарбаева
         Осыдан он жыл бұрын мен «Өзін-өзі тану» курсын оқи бастадым. Көп ұзамай, оның қоғамдық қажеттілігін тереңдей түсініп, отандық білім беру бағдарламасына енгізуді армандадым.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде басталған «Үшінші онжылдықтағы білім беру: жанұя, мектеп, қоғам» тақырыбындағы Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының төртінші секциясында сөз сөйлеген Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының жетекшісі Сара Назарбаева осылай айтты.

«Мінеки, менің бұл арманым орындалды. Бүгінгі таңда біздің қоғам «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығын түсінді. Республикадағы барлық мектептерде аталған пән арнайы оқыту сабағы ретінде енгізіліп отыр. Әрине, осы үшін ел басшылығына, Үкіметке және бұл бағдарламаны насихатауға атсалысқан барлық азаматтарға шексіз алғысымды айтамын», - деді С.Назарбаева.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махмедқали Сарыбеков хабарлағандай, бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» пәні еліміздің барлық орта білім беру ошақтарында, яғни республика бойынша 7 525 мектепте бөлек пән ретінде енгізілді. Сондай-ақ аталған пән кәсіби және жоғары білім беру орындарында оқытылады.

127 - ЖАЗБА

 

    128 - ЖАЗБА       Өзін - өзі тану - өзіңді тану

       Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.

       Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!
       Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
129 - ЖАЗБА     Ұлылар өмір туралы
           Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой.
                                                                                                                               Фирдоуси
                                                                         
  Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,алды  – ойын, арт жағы -мұңға жуық.
                                                                                                  Абай
                                                                               * * *
                                  Өмірді сүйсең уақытты оздырма – ол тіршілік арқауы.
                                                                                                         Венналин Франклин
                                                                               * * *
                     Уақыттың босқа кеткеніне оны бағалайтын адам ғана қиналып, қынжылады.
                                                                                                                              Иоганн Гете 
130 - ЖАЗБА        Өзін - өзі тану пәні іс - тәжірибемнен

         Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде өзін-өзі тану пәнінің ролі ерекше. Қазір бұл пән барлық мектептерде тәжірибеге енгізіліп жеке пән ретінде оқытылуда.Ал №30 мектеп-гимназиясында пән ретінде енгізілгеніне биыл 4 жыл болып отыр.


     Жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелену үшін оларды ең алдымен өзін және басқа адамдарды қадірлей, сыйлай білуге үйретуіміз керек.Ата-ананың да, мектептің де басты міндеті – баланы сыпайылыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке үйрету.


     «Баланы -жастан» деген халық мәтелі тегін айтылмаған. Баланы кішкентай кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелесек ол баладан адамгершілігі мол азамат өсіп шығады.


      Әрине барлық сабақтарда мысалы: математика, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында сабақтың үш бірлік мақсатын орындатып, бағдарлама талабына сай жұмыс жүргізудеміз. Бірақ біз сабақта көбіне сабақтың білімдік, дамытушылық сипатта көңіл бөлеміз де, ал сабақтың тәрбиелік мақсаты қалыс қалып жатады. Әрине бұл пәннің оқушының осындай жақтарын толықтырып, өзін-өзі тәрбиелеуде ролі ерекше екенін тәжірибеден көріп жүрміз.


        Білім беруде күтілетін нәтижелердің бірі- тұлғалық өзін-өзі дамыту құзырлығы. Оның өзінен-өзі қалыптаспайтындығы түсінікті. Ол арнайы мақсатты, жүйелі жұмысты және жеке тұлға теориясын терең меңгеруге оқушының тұлғалық өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.Қазір еліміз өркендесін, өссін деген саналы адамның ойында алдымен Елбасының елу елдің қатарына қосылу туралы зор мақсаты тұру керек. Қазір мемлекетіміздің басшысы ғылымды да, білімді де осы мақсат жолына бағыттап отыр. Президент  Жолдауындағы білім алдына қойылған міндеттер өте маңызды. Егер біз жоспарлар мен іс-әрекеттерімізде жүйелілік пен іскерлікке жетсек, онда бұл міндеттерді орындау әбден мүмкін.


     Қазіргі кезде білім стандарттары жасалып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі танытуы, өзін-өзі тану үшін еңбектену мұғалімдер қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.Сондықтан осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін білім мен тәрбие берудің  мына бағыттары бойынша жұмыстануымыз керек-ақ.

  1. Тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету.
  2. Тұлғаны өз бетінше өмір сүруге үйрету.
  3. Тұлғаны өзгелермен бірлесіп өмір сүруге үйрету.
  4. Тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Біздің мектебіміздегі өзін-өзі тану пәні мұғалімдері осы бағытта жұмыстануда.


         Мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ретінде 2007-2008 оқу жылынан бастап сабақ беріп келемін. Тек сабақ беріп қоймай, өз іс-тәжірибемді қала, облыс көлеміндегі ұстаздарға ұсынып жүрмін деп айта аламын.

131 - ЖАЗБА   Авторлық жоба


         2008-2009 оқу жылында сәуір айының 16-21 аралығында «Бөбек» ұлттық-парктикалық білім беру және сауықтыру орталығының ғылыми жетекшісі Қажығалиева Жанаттың ұйымдастыруымен өткен «Өзін-өзі тану» курсында «Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында  авторлық жобамды қорғадым. Бұл жұмыстарды ғылыми жетекші мен курс тыңдаушылары жоғары бағалады.

    Бұл жобамда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың педагогикалық негіздеріне тоқтала отырып, өзін-өзі тану пәнін оқыту процесіндегі жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін атап көрсете отырып, 1 сыныпта өзін-өзі тану пәнінен өткізген «Жайнай бер, сүйікті менің Астанам» тақырыбында сабағымның жоспары мен сыныптан тыс өткізген «Сәтті қадам, сүйікті шәкіртім!» тақырыбындағы тәрбиелік шарамда (7 кезеңге жоспарланған) пайдаланған әдіс-тәсілдерді ұсындым.

132 - ЖАЗБА        "Қазақстан - Атырау"  телеарнасында   

     2008-2009 оқу жылында 1 сынып өзін-өзі тану пәнінен «Жайнай бер, сүйікті менің Астанам!» тақырыбындағы сабағым «Қазақстан-Атырау телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасынан көрсетілді. Бұл сабақта  Астана қаласының жылдан-жылға көркейіп келе жатқандығы, ондағы ғимараттар, ондағы өтіп жатқан шаралар, Астананың тарихы туралы толық түсініктер берілді.

 

133 - ЖАЗБА     Өзін-өзі тану 1сынып «Жайнай бер, сүйікті менің          Астанам!»               тақырыбындағы сабақ жоспары.

      Ендеше, жоғарыдағы сөздеріміз дәлелді  болу  үшін өзін-өзі тану пәнінен 1 сынып бойынша өткізілген «Жайнай бер, сүйікті менің Астанам!» тақырыбындағы сабағымның жоспарын ұсынып отырмын .

Сабақтың тақырыбы:   Жайнай бер,сүйікті менің Астанам!                                    

Сабақтың мақсаты:

     Астана қаласының 10 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерін бейнелейтін танымдық материалдарды ұсыну арқылы Астананың орнын, мәдени орталықтарың маңыздылығын ұғындыра отырып, «туған ел», «туған өлке», «Астана», «Отан», ұғымдарының адамгершілік құндылық  ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

    -туған елді,өлкені,Астананы,Отанды құрметтеу,патриоттық сезімге тәрбиелеу;

- Астананың тарихын білуге ұмтылдыру;

-Астанаға деген сүйіспеншілігін,мақтанышын арттыру.

Көрнекі құралдар:

  1. Шукір Шахай. «Астана қас қагым сәт» Астана қаланың 10 жылдық мерейтойына арналған фотоальбом. Астана-2008. «Атамұра» баспасы.
  2. «Астана XXI ғасыр» фотосуреттер жиыны. Шукір Шахай «Өнер» баспасы-2008.
  3. Астанадағы мәдени орындар-суреттер жиынтығы.
  4. «Астана-Бәйтерек» макеті.
  5. Қазақстан картасы.
  6. «Астана» мультимедиялық энциклопедиясы.
  7. ДК, мультимедиялық проектор.
  8. Топтастыру «Астана қандай қала?» «Астанаға тілек», «Басқатырғылар базары», «Біз нені үйрендік?»
  9. «Есілдің жағасында Елорда тұр» Т.Рамазанов «Атырау-2008»-газеті.

Пәнаралық байланыс:

  1. Ана тілімен байланыс (өлең шығару,жаттау т.б.)
  2. Дүниетанумен байланыс (карта,мәдени орнынның тарихи т.б.)
  3. Бейнелеу сабағымен  байланыс  (сурет салу,тірек)
  4. Еңбек  сабағымен  байланыс  (еңбек тәрбиесі т.б.)

Сабақ пайдаланған әдіс-тәсілдер:

  1. Түсіндіру әдісі
  2. Сұрақ-жауап әдісі
  3. Оқуды оқушының жауабы арқылы басқару әдісі
  4. Әңгімелеу әдісі
  5. Ойын әдісі
  6. Тірек схемаларын пайдалану әдісі
  7. «Сурет бойынша өлең» , «Топтастыру» стратегиялары
  8. «Жұпта талқылау», «Әлемді шарлау», «Ой шақыру» стратегиялары.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

 134 - ЖАЗБА      Облыстық конференция
       Одан кейін 2009 жылдың 14 мамырында Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті, іс-тәжірибелер жаңа бағыттары» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатыстым. Бұл конференцияға «Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы жұмысымды қорғадым. Жұмысым сәтті шықты деп айта аламын. Бұл тақырыпта жасап жатқан жұмыстарымды интерактивті тақтада көрсетіп, іс-тәжірибемді баяндадым.

Бұл жұмысым осы конференцияның материалдар жинағына еніп, басылып шықты.

135 - ЖАЗБА   1сынып «Өзін өзі тану» пәні бойынша сыныптан тыс   өткізілген «Сәтті қадам, сүйікті шәкіртім!» тақырыбындағы   тәрбиелік шараның  жоспары.

   Өнеге сағатының тақырыбы:Сәтті қадам,сүйікті шәкіртім!


Өнеге сағатының мақсаты:


 Білімдік:


       Оқушылардың мектеп табалдырығын аттағаннан бастап жарты жыл ішіндегі пән бойынша алған білімдерін, әсіресе білім әлемінің беташары-әліппеден, математикадан, дүниетанудан алған білімін тиянақтау, жинақтау, жаңгырту.


 Тәрбиелік:


а)Оқушылардың адам, өмір, Отан, отбасы, денсаулық, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен  мейрімділік, сыйластық, сүйіспеншілік, адалдық, патриоттық, еңбексүйігіштік-адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;


ә) Тұлғаның эмоционалдық-сезімдік, рухани адамгершілік,әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттерде өзін- өзі жүзеге асыруға сұранысың дамыту.


  Дамытушылық:


     Өнеге сағатының жоспарланған жеті бөлімінде қазіргі жаңа технологиялармен ұштастырылған оқыта үйрету ойындары, тірек схемалары арқылы және оқулықтан тыс материалдар енгізу арқылы оқушылардың ой-өрісін  кеңейту, терең  білім алуға жетелеу.


 Көрнекі құралдар:


     Өнеге сағатының барлық 7 бөлімі бойынша тірек схемалары, оқулық суреттері,  «Абай» бұрышы, «Мектеп-кеме, білім-теңіз» сыныптың қабырға газеті, сюжетті плакаттар, әдемі безендірілген сахна, тақырыбы, барлық оқыта үйрету ойындарының көрнекіліктері, құттықтау-диплом т.б.


 Пайдаланған әдіс-тәсілдері:


а) Сұрақ-жауап әдісі;


ә) Түсіндіру әдісі;


б) Сахналау әдісі;


в)Халық дәстүрі негізінде тәрбиелеу әдісі;


г) Ойын әдісі;


ғ)Тірек  схемаларын пайдалану әдісі;


д) Тест әдісі;


е)Оқуды оқушылардың жауабы арқылы басқару әдісі;


ж) Проблемалық  оқыту әдісі;


з) Деңгейлік -саралап оқыту әдісі.


  136 - ЖАЗБА       Қалалық семинар 

      2010 оқу жылының қараша айында біздің №30 мектеп-гимназиясы базасында өткен «Өзін-өзі тану пәнінің берілу ерекшеліктері» тақырыбындағы қалалық семинарда есеп бердім және сабақ көрсеттім.

     Бұл семинарда көрсеткен жұмысымның тақырыбы «Өзін-өзі тану пәнін оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері және ата-анамен жұмыс әдістері». Өз істерімде пайдаланып жүрген өзін-өзі тану пәнін оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерім туралы әңгімелей келіп, оны сабақта пайдалану әдістерімді көрсету үшін 3 сынып «Білім – ақиқат бастауы» тақырыбындағы сабағымның мазмұнын слайдтармен интерактивті тақтада көрсетіп түсіндірдім. Одан кейін семинар тыңдаушыларына ата-анамен жұмыс әдістерін топтастыра отырып «Өзіңді таны», «Өзіңді көрсет», «Бірлесіп шеш» бөлімі бойынша жұмыс істедім. Мұғалімдер ата-ана ролінде болып, берген «Мен әлеміңіз қандай?», «Имитациялық ойындар» және әр түрлі тақырыпта шығармашылық жұмыстар жасап, белсенділік танытты. Ата-анамен жұмыс әдістері тиімді шықты. Осы өткізілген екі тарау оқушымен және ата-анамен жұмыс әдістерінен өзін-өзі тану сабағындағы жалпы адамзаттық құндылықтар топтастырылды. Жұмыс соңынан мұғалімдер «жүректен-жүрекке» тілек айтылып, ескерткіш жүректер сыйға тартылды. Семинарға қатысушылар бұл  жұмысыма жақсы баға берді.

137 - ЖАЗБА     "Қазақстан - Атырау"  телеарнасында

      2009-2010 оқу жылында бала құқығын қорғау департаментінің ұсынысымен мамыр айында өзін-өзі тану пәнінен «Үйренгенім көп менің» тақырыбындағы сабағым "Қазақстан-Атырау" телеарнасының «Армысың Атырау» бағдарламасында көрсетілді. Бұл сабақта өзін-өзі тану құндылықтары, соның ішінде адам, өмір, Отан, отбасы, денсаулық, табиғат, білім, еңбек, достық, сыйластық, даналық, махаббат, тіл, туыстық құндылықтары туралы толық түсінік берілді. Оқытудың жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдері қолданылды.Сондықтан ата-аналар, оқушылар тілек айтып, өзін-өзі тану пәнінің ролі, ондағы жұмыс түрлері, сабақтың мақсаты әңгімеленді.

138 - ЖАЗБА "Қазақстан - Атырау"  телеарнасында   

      Ал 2009-2010 оқу жылында 3 сынып өзін-өзі тану пәнінен «Білім – ақиқат бастауы» тақырыбындағы сабағым «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Ел дамуы - назарда» бағдарламасында көрсетілді. Бұл сабақта білім құндылығы туралы жан-жақты түсінік берілді. Бұл сабақта әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, сайыс, жатқа айту, іскерлік ойындар, трек схемалар пайдалану, халық дәстүрі негізінде тәрбиелеу әдісі, тест, дебат әдістері қолданылды.

139 - ЖАЗБА  Курс тыңдаушыларымен жұмыс 

      Сондай-ақ облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курс тыңдаушыларына осындай сабақтарымыз бен іс-тәжірибемізді көрсетіп келемін.

140 - ЖАЗБА  Оқушы портфолиосы

     Жалпы, өзін-өзі танЖалпы оқушылардың өзін-өзі тану пәніне деген қызығушылығы жоғары. Әр сыныпта оқушылардың өзін-өзі тану пәні бойынша жұмыстары портфолиоға жинақталған.

    Ата-аналардың да бұл пәнге ықыласы жоғары. Ата-аналар жиналысында өзін-өзі тану пәні тақырыбында тәжірибе алмасып отырамыз.у пәні бойынша жоғарыда аталған көрнекі сабақтар және басқа да сабақтар мазмұнына слайдтар жасалып кітапшалар ретінде шығарылып, кабинетке қойылған. Және өзін-өзі тану пәні бойынша жүргізілген жұмыстар папкаларға жинақталған

141 - ЖАЗБА                 Шаттық шеңбері 

 142 - ЖАЗБА                    Әңгімелесу

 

143 - ЖАЗБА         Шығармашылық жұмыс

 

144 - ЖАЗБА               Мәтінмен жұмыс

145 - ЖАЗБА               Жаттығу - ойлану
146 - ЖАЗБА                       Дәйексөз
 
 147 - ЖАЗБА                    Ойындар           
148 - ЖАЗБА                            Сергіту сәті
149 - ЖАЗБА                    Ойлан - тап
150 - ЖАЗБА                Жағдаяттарды талдау
151 - ЖАЗБА             Шығармашылық жұмыс
 
 
 
 
 
 
 
 
                                             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 152 - ЖАЗБА            Жүректен - жүрекке

153 - ЖАЗБА

              Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар



Сабақ жүргізілетін ортаға балалармен қатар мұғалімдердің де жұмысқа қабілеті мен эмоционалдық көңіл күйін көтеретін эстетиканың, көркем дизайнның элементтерін енгізу арқылы қолайлы психологиялық қалыпты жағдай жасау.
Гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің болуы.
Терезелерде перде немесе жалюздердің, еденде кілем немесе паластың болуы.
Кабинетті эргономикалық, физиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық талаптарға сәйкес келетін жиһазбен жабдықтау.
Кабинетті оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарымен, оқу-анықтамалық әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Өзін-өзі тану кабинеті:
көлемі 76 (кем дегенде 36) шаршы метрден кем болмай және 20-25 оқушы емін-еркін сыятындай болуы тиіс;
кабинет 2-3 функционалдық зонаға, мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнына бөлінуі тиіс (белсенді жұмыс және сенімді қарым-қатынас жасау аумағы, сондай-ақ жобалық шығармашылық жұмыстарды орындау аумағы);
заманауи санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек (жарық, жылу, желдеткіш, оқушылардың жасына сәйкес келетін жиһаз);
нақты түстердің үйлесіміне және дизайнына (көркем безендірілуіне) сәйкес болуы тиіс.


154 - ЖАЗБА    

 155 - ЖАЗБА
 156 - ЖАЗБА
 
157 - ЖАЗБА          Сара алпысқызы 70 жаста 
 
 
 
158 - ЖАЗБА     Өзін - өзі тану оқулықтары

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
159 - ЖАЗБА             Әдістемелік басылымдар
 
 
 160 - ЖАЗБА         Сыпайы сөздер
 
 


 160 - ЖАЗБА     Өyірге деген ынталы қасиеттер

 
 
 
 
 
 161 - ЖАЗБА             ЖҮРЕКТЕН - ЖҮРЕККЕ - ізгі - тілектер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      

Представления: 16281

Комментарий от: Анаргуль Мухангалиева, Июль 24, 2012 в 1:41am

Комментарий от: Гульнар Избамбетова, Июль 25, 2012 в 1:44am

Не деген еңбек?! Жарайсың, Айнұр!!!

Комментарий от: Айнур Исагалиева, Июль 30, 2012 в 11:25pm

Рахмет, Гүлнар,достық лебізіңе.Жақсы сөз  жан сергітеді ғой. Достық қатынасымыз нығая берсін!!!

Комментарий от: Айнур Исагалиева, Июль 30, 2012 в 11:31pm

Анаргүл, рахмет!!! Сенің де оқушыларың ақылды  қасиеттерімен қуанта берсін!!!  Ғаламтордағы достарымның бірі - өзіңсің!

Комментарий от: Исағалиева Толқын Сағидоллақызы, Ноябрь 6, 2012 в 2:11am

Айнұр апа қалайсыз? Блогыңыз күннен-күнге жайнап барады, өзіңізде жайнай беріңіз.

Комментарий от: Тойган Жумабаевна, Декабрь 21, 2012 в 7:52pm

Айнұр апай блогыңыз керемет екен! Шығармашылық табыс тілеймін!

Комментарий от: Кенесариева Aйша Сабыровна, Октябрь 2, 2013 в 9:28pm

Апай, блогыңыз тамаша екен! Көп-Көп рахмет!!!

Комментарий

Вы должны быть участником Учителя Века Информационных Технологий, чтобы добавлять комментарии!

Вступить в Учителя Века Информационных Технологий

Форум

Электронды оқыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері /// Положительные и отрицательные стороны электронной системы обучения

Начал(а) Bagdagul в Пример названия. Последний ответ от Уташева Гулжанат в Фев 3. 32 Ответы

Ақпараттық Технология біздің заманымыздың талабы болумен қатар, біздің өміріміздің ажырымас бөлігіне айналуда. Адам талабы - заман талабы демекші, қазіргі таңда мемлекетіміздің кез-келген саласы да осы бағатты ұстанып келуде. Ел басымыздың…Продолжить

Теги: школа, учителей, система, электронная, обучения